29 желтоқсан күні Оңтүстік Кореяның халықаралық Муан әуежайында Jeju Air әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы апатқа ұшырап, 179 адам қаза тапты. Апаттан екі-ақ адам аман қалған. Олар ұшақтың артқы бөлігінде болған. Алдын ала болжам бойынша, ұшаққа құстар соғылып, қозғалтқыш істен шыққан
Әзербайжан президенті Илхам Әлиев ұшақ апатына Ресейді айыптады. Қазақстан “қара жәшіктерді” Бразилияға жіберетін болды. Әлиев мәлімдемесіне әлеуметтік желіде реакция қандай? Ұшақ апатынан алты азаматы қаза тапқан Қазақстан Мәскеуге мұндай талап қоя ала ма?
Былтыр Азаттық хабар тарататын өңірлердегі 10 тілшімізден болашаққа көз жүгіртіп, келер жылдың қалай болатынын болжап көруді сұраған едік. Қиын тапсырмаға қуана келіскен әріптестеріміз биыл да 2024 жылды қорытындылап, 2025 жылы әлемді не күтетінін топшылап көрді.
Украинаның мұздақты майдан даласынан Орталық Азияның базарларына дейін. Азаттықтың фотографтары 2024 жылдың жылнамасын қалай жасағанын айтып береді.
Сириядағы бетоннан тұрғызылған түрмеден сыртқа шыққандардың кейбірінің бет-бейнесі қорқынышты фильмдегі зомби тәрізді еді. Енді біреулері жылдар бойы көрмеген туыстарын құшақтап, солқылдап жылап тұр. Бұл адамдар жұрт арасында "адам қасапханасы" аталып кеткен Сейдная түрмесінен бостандыққа шықты.
Бұл күндері Сирияда болып жатқан оқиғалар жөнінде әлеуметтік желіде түрлі фото-видеолар жариялап жүрген оннан астам қарулы адам ол жаққа Өзбекстаннан барғанбыз дейді. Бұл адамдар "Кәтиба Таухид уәл-Жихад" деп аталатын, негізінен өзбек ұлты өкілдерінен құралған топтың мүшелері болуы мүмкін.
An electoral college is expected to choose Mikheil Kavelashvili, a 53-year-old former footballer and right-wing populist, as Georgia's next president. But with the country rocked by anti-government protests, the incumbent Salome Zurabishvili has said she isn't going anywhere.
Сирияны ширек ғасырға жуық уақыт билеген Башар Асадтың үкіметін құлатқан қарулы топтардың құрамындағы шетелдіктер арасында Орталық Азия мен Балкан елдерінен барған адамдар да жүр. Олар кімдер?
Сирияның экс-президенті Башар Асадқа қарсы топтар небары 11 күнде солтүстіктен оңтүстікке еш кедергісіз жылжи отырып, Алеппо, Хама және Хомс сияқты ірі қалаларды ұрыссыз алды десе болады. Содан кейін Дамаскіге кіріп, елді жарты ғасырдан астам уақыт басқарған Асад әулетінің режимін биліктен тайдырды.
Желтоқсанның басында Оңтүстік Кореяны дүр сілкіндірген саяси оқиға бүкіл әлемнің назарын аударды. Осы елде оқуда және жұмыс істеп жүрген Орталық Азия елдерінің азаматтары өздері куә болған жайтты баяндап берді.
Тағы