Ақ үйге Дональд Трамптың қайтып оралуы әлемдік державалар арасындағы тепе-теңдікті сақтауға үйреніп қалған Орталық Азия елдері үшін бетбұрыс сәт болуы мүмкін.
Газға бай Өзбекстанда энергия тапшылығынан халық үйін жылыту үшін көмір жағып, отынға ағаш кесіп жатыр. Сарапшылар ауа ластанып, қоршаған ортаға зиян келіп жатқанын айтады. Бірақ Өзбекстан үкіметі қазіргіден де көп көмір жағуды жоспарлап отыр.
Тәжікстанның солтүстігіндегі Канибадам деген шағын қаланың аты қазір ел аузынан түспей тұр – мұнда бір жыл ішінде жеті отбасын айуандықпен өлтіріп кетті. Барлығы 23 адам мерт болды, оның сегізі – бала. Тоғыз ай өткенде Бас прокуратура қылмыстарға күдікті ретінде төрт адам ұсталғанын хабарлады.
Тәжікстанда мыңдаған көріпкел мен емші ұсталды. Үкімет бақсы-балгерге қарсы науқан бастап, президент милицияның рейдтерін құптап отыр. Ал ел арасында билік жұмыссыздық, электр энергиясының тапшылығы сияқты әлдеқайда маңызды мәселелермен айналысса болар еді деушілер көп.
Мәскеуде жарылыстан мерт болған жоғары лауазымды ресейлік генералдың өліміне күдікті ретінде Өзбекстан азаматы ұсталған соң, Ресейде жұмыс істеп жүрген Орталық Азия елдерінен барған мигранттар арасында үрей күшейді.
Орталық Азия елдерінің мигранттары үшін Ресей ұзақ уақыт бойы жұмысқа баратын негізгі ел болды. Бірақ Ресейде мигранттарға шабуылдар жиілеп, дискриминцияның күшеюі, оған қоса экономикасының құлдырауы жағдайды өзгертіп отыр.
Орталық Азиядан шыққан мигранттардың көбі Түркияға назар аударып отыр. Виза режимі жеңіл болғандықтан бұл ел аймақ тұрғындары үшін бұрыннан тартымды болатын. Алайда, Түркияда жұмыс істеп жатқан шетел азаматтары кейінгі жылдары бірқатар қиындықпен бетпе-бет келіп отырғанын айтады.
Бұл күндері Сирияда болып жатқан оқиғалар жөнінде әлеуметтік желіде түрлі фото-видеолар жариялап жүрген оннан астам қарулы адам ол жаққа Өзбекстаннан барғанбыз дейді. Бұл адамдар "Кәтиба Таухид уәл-Жихад" деп аталатын, негізінен өзбек ұлты өкілдерінен құралған топтың мүшелері болуы мүмкін.
Орталық Азияның ірі қалаларында жылда қыс мезгілінде тұрғындар түтінге тұншығып әлек болады. Сүзгі мен ауа тазартқыштан қайран жоқ. Біреулер биліктен жауап күтіп жүрсе, енді біреулер көшіп кетуге мәжбүр.
Латын қарпіне көшу – бір кезде Совет одағының құрамында болған түркі тілдес елдердің күн тәртібінен тәуелсіздік алған сәттен бері түспей келе жатқан тақырып. Қайсыбір елдер қарқынды реформа жасап үлгерсе, енді бірінде қаріп ауыстыру баяу жүріп жатыр.
Желтоқсанның басында Оңтүстік Кореяны дүр сілкіндірген саяси оқиға бүкіл әлемнің назарын аударды. Осы елде оқуда және жұмыс істеп жүрген Орталық Азия елдерінің азаматтары өздері куә болған жайтты баяндап берді.
Тағы