Accessibility links

Қазақстанда мереке күндері 60-тан астам адам пиротехникадан зардап шеккен


Пиротехника. Көрнекі сурет.
Пиротехника. Көрнекі сурет.

Қазақстанда мереке күндері 63 адам пиротехникадан зардап шекті, 20-сы бала деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі 4 қаңтарда. Бұл жөнінде жергілікті ақпарат агенттіктері жазды.

Ведомствоның хабарлауынша, 12 адам ауруханаға жатқызылған, бесеуі – бала. Зардап шеккендердің едәуір бөлігі (19 адам) – Алматыдан. Жамбыл облысында 11 адам жарақаттанған.

Зардап шеккендердің көзі жарақаттанған, қолдары күйген. Министрліктің хабарлауынша, зардап шеккендер арасында орташа ауыр дәрежеде жарақат алғандар да бар: бір адам алдыңғы құрсақ қабырғасынан жарақаттанған, оның жағдайы орташа ауыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG